Өңірлер

5 шілдеден бастап Қазақстанда екі қала жабылады

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейские в защитных костюмах на блокпосту
Полицейские в защитных костюмах на блокпосту - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмысын жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде - Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 5 шілдеден бастап Өскемен, Семей қалалары жабылатынын мәлімдеді.

"Қалалар мен аудандарда тұрғындар мен көліктердің қозғалысын барынша азайтамыз. Мұның бәрі коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жасалатын әрекет. Тек өзін-өзі оқшаулау ғана COVID-19-ға қарсы күрестің пәрменділігін көрсетті", - деп жазды Ахметов.

Оның айтуынша, карантиндік шаралар қатаң сақталған барлық кезеңінде облыста ауырғандар саны 135 болды. Алайда, тек маусым айында бұл көрсеткіш 710 адамға артқан.

"Сондықтан қозғалысты шектеу шараларын осы демалыста бастаған аса маңызды. Бізге байланыс тізбегін үзу қажет! Қалыпты өмірге тезірек оралуымыз керек. Бірақ, оған жоғары жауапкершілік танытқан жағдайда ғана қол жеткізе аламыз", - деп жазды Ахметов Instagram парақшасында.

Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмысын жалғастырады.

"Енгізілген карантиндік шаралар салдарынан бизнесті барынша қорғауға тырысамыз. Сіздерді тағы бір мәрте бұл шараларға түсіністікпен қарауға шақырамын. Еуропа елдерінде не болғаны баршамыздың есімізде. Ол жақта да бастапқы кезде адамдар қабылданған қатаң шаралардан нәтиже болатынына сенбеді", - деді облыс әкімі.

Даниал Ахметов билік өңір ауруханаларын қажетті техникамен, дәрі-дәрмектермен, ал дәрігерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндік жасайтынын жеткізді. 

Шығыс Қазақстанда 1700 инфекциялық, 2500 провизорлық және карантиндік төсектер, сондай-ақ қарқынды терапия палаталары дайын. Өңірде жедел медициналық көмек қызметі көрсетілмейтін елдімекен жоқ екені айтылып отыр.

 

Жаңалықтар
0