Қоғам

Қатаң карантин кезінде қандай пойыздар жүрмейді

© Sputnik / Владислав ВодневПроводники поезда на вокзале проверяют документы
Проводники поезда на вокзале проверяют документы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
5 шілдеден кейін елде әуе және теміржол байланысы тоқтамайды. Алайда бірқатар шектеу енгізіледі. Өңірлер арасында жеке көлікпен қатынауға тыйым салынған жоқ

АЛМАТЫ, 3 шілде — Sputnik. Қазақстанда күшейтілген карантин кезінде электр пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы  бас мемлекеттік дәрігер Айжан Есмағамбетованың 5 шілде күні сағат 00.00-де күшіне енетін қаулысында жазылған. 

5 шілдеден кейін елде әуе және теміржол байланысы тоқтамайды. Алайда бірқатар шектеу енгізіледі. Пойызбен жжүру үшін ПЦР-тест анықтамасы қажет емес.

Өңірлер арасында жеке көлікпен қатынауға тыйым салынған жоқ.

Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00 - 10:00 және кешкі 17:00 - 21:00 аралығында қатынайтын болады. Күндізгі уақытта үзіліс жасалады.

Қандай пойыздар жүрмейді

5 шілдеде Алматы – Сарыағаш бағытымен жүретін №321/322 жолаушылар пойызы уақытша тоқтатылады.

Мына бағыттар бойынша жүретін пойыздардың күндері қысқарады:

№ 3/4 "Алматы-Нұр-Сұлтан" күнара (бұған дейін күнде),
№ 31/32 "Алматы-Павлодар" күнара (бұған дейін күнде),
№ 67/68 "Нұр-Сұлтан-Өскемен" күнара (бұған дейін күнде),
№ 257/258 "Нұр-Сұлтан-Достық" аптасына бір рет (бұған дейін аптасына екі рет).

Жаңалықтар
0