Өңірлер

"6-сыныптан бастап зорлады": Түркістанда 14 жастағы қыз өгей әкесіне айып тақты

© Sputnik / Табылды КадырбековДевочка сидит спиной, архивное фото
Девочка сидит спиной, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір қылмыстық кодекстің 121-бабы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. Түркістанда 14 жастағы қыз өгей әкесі өзін үш жыл бойы зорлағанын мәлімдеді, деп жазады Otyrar.kz.

Қыздың биологиялық әкесі полицияға маусымда арыз жазған.

"Барлығы 2016 жылы 6-сыныпта оқып жүргенімде басталды. Тізерлеп отырғызып қойып... Ол мені қорқытты, сол себепті қорыққанымнан бәрін жасадым. 2018 жылы үйде ешкім болмаған кезде мені өз жатын бөлмесіне алып кіріп, шешіндірді...", - дейді жасөспірім.

Оның айтуынша, анасы оқиғадан хабардар болған.  Оның бұл ауыр тағдырын сіңілісі де қайталауы мүмкін деп қорқып, басына түскен жағдайды туыстарына айтуды жөн көріпті.

"Шындықты қалаймын. Мен өзімді емес, сіңілімді ойлап отырмын. Себебі ол да өсіп келе жатыр", - дейді қыз.

Зәбір көрушімен мектеп психологы күн сайын жұмыс істеп жатыр. Ол жасөспірімнің шындықты айтып отыруы мүмкін екенін алға тартты.

"Қыздың бойында қорқыныш бар. Флегматик және сангвиник секілді темперамент түріне жататын болғандықтан, қорқыныш көп емес. Яғни, флегматик барлығын ішінде сақтап, дау-дамайдан бойын аулақ ұстайды. Ал сангвиник мейірімді келеді. Мұндай типтегі адамдар жаман жайтты жүрегіне жақын ұстамайды", - дейді психолог Назым Нұрмахамбетова.

Оқи отырыңыз: Әйелін зорлап, күйеуін өлтірді: Алматы облысында сұмдық қылмыс әшкере болды

Басылымның хабарлауынша, зәбір көруші жасөспірімнің анасы қандай да бір пікір қосудан бастартты. Енді қыздың айтқаны қаншалықты шындыққа жанасатынын полиция анықтайды.

Полиция департаменті арызды қабылдап, іс 22 маусымда сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық кодекстің 121-бабы "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бірқатар сараптама тағайындалды, соның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Жаңалықтар
0