Қоғам

Қазақстанда 18 дәрігер коронавирустан қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинПри входе в грязную зону медики обязательно надевают специальные противочумные костюмы
При входе в грязную зону медики обязательно надевают специальные противочумные костюмы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас санитардың айтуынша, медицина қызметкерлері індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-ін құрайды

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстанда 18 медицина қызметкері коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы республиканың бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ауырып қалған 492 дәрігерге пневмония диагнозы қойылса, 511-і емін жалғастырып жатыр.

"18 медицина қызметкері қайтыс болды. Олардың арасындағы өлім жағдайларының бәрі коронавирус жұқтырған науқастарға көмек көрсетумен байланысты емес", - деді Есмағамбетова онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазір індетке шалдыққан науқастардың жалпы санының 11,5%-і – медицина қызметкерлері.

Оқи отырыңыз: COVID-19 жұқтырған медицина қызметкерлері қандай ауруханаларда жұмыс істейді

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 44 мыңнан асты. Оның ішінде 14777 пациент дертінен емделіп шықты. 188 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0