Әлем

Хабиб Нурмагомедовтың әкесі қайтыс болды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуЗаслуженный тренер России Абдулманап Нурмагомедов (справа)
Заслуженный тренер России Абдулманап Нурмагомедов (справа) - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов әкесінің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

АЛМАТЫ, 3 шілде – Sputnik. UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі қайтыс болды. Бұл туралы Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров хабарлады.

"Маған қайғылы хабар жетті, Абдулманап Нурмагомедов өмірден өтті. Барлық шешен халқының атынан отбасына көңіл айтамын. Ол өзінен кейін жақсы із қалдырып, лайықты ұрпақ тәрбиелеп, арамыздан кетті", - деп жазды Қадыров Telegram желісінде.

Абдулманап Нурмагомедов мамырдың басында Мәскеудегі емханалардың біріне жатқызылды. Бұған дейін оның коронавирус инфекциясын жұқтырып, пневмония анықталғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар ол инсульт алған.

Хабиб Нурмагомедов аурудың әкесінің бүйрегі мен жүрегіне әсер еткенін айтты.

Жаңалықтар
0