Қоғам

Денсаулық министрі парацетамол тапшылығына кімдер кінәлі екенін айтты 

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуПарацетамол
Парацетамол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше астанадағы дәріханаларға 70 мың қаптама таратылған. Соның бәрін жарты сағаттың ішінде сатып алды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой парацетамолдың тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мәселен, кеше Нұр-Сұлтанда дәріханаларға 70 мың қаптама таратылған болатын. Соның бәрін жарты сағаттың ішінде сатып алды. Қазіргі кезде ол препараттарды интернет желісінде сатып, үстінен пайда табатындар да бар. Енді, осы мәселемен құзіретті органдар айналысатын болады", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, дәл қазір қалада парацетамолды ондай мөлшерде ішетін науқастар жоқ. Сондықтан бұл жерде алып-сатарлардың әрекеті анық байқалып тұр. Парацетамолдың тапшылығы қолдан жасалып отыр. 

"Оны ауырмайтын адамдар артығымен алуы да мүмкін. Температурасы болмаса да, үйіне алып қояды. Негізі, құрамында парацетамолы бар 33 дәрінің түрі бар. Сондықтан басқасын да алуға болады. Алайда халық интернеттен ақпарат алып, дәл сол парацетамолды іздеп жүреді", - деп атап көрсетті Цой.

Оның сөзіне қарағанда, денсаулық сақтау министрлігі құрамында парацетамолы бар дәрілердің тізімін ресми сайтында жариялаған болатын.

 

Жаңалықтар
0