Қоғам

Қазақстанда карантин қандай жағдайда қатаңдатылады

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане
Люди в масках на пешеходном переходе в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі аптадан кейін санитарлық-эпидемиологиялық жағдай өзгермесе, қазіргіден қатаң карантин енгізілуі ықтимал

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Екі апталық карантиннен кейін қатаң шаралар енгізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгінгі онлайн брифингте үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Негізі, карантиннің бірнеше нұсқасы қарастырылған болатын. Соның ішінен екі апталық шектеу шараларына тоқталдық. Себебі бүгінде негізгі мақсат – халық арасында инфекцияның таралуын тежеу. Әсіресе, әлеуметтік байланыстарды барынша азайту қажет. Сосын инкубациялық кезеңнің мерзімі – екі апта. Осы мәселе де ескерілді", - деді Тоғжанов.

Оның сөзіне қарағанда, екі аптадан кейін санитарлық-эпидемиологиялық жағдай өзгермесе, одан да қатаң карантин енгізілуі әбден мүмкін. 

"Біз алдын ала ескерттік. Егер қатаң шараларды енгізу керек болса, екі апталық карантиннен кейін біз одан да қатты шараларға баруымыз мүмкін", - деп атап көрсетті Тоғжанов.

Еске сала кетсек, бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссияның отырысында 5 шілдеден бастап 14 күнге қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды.

Жаңалықтар
0