Қоғам

Карантин режимін бұзғандар жауапқа тартылады – Тоғжанов

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейский в маске проверяет документы водителя
Полицейский в маске проверяет документы водителя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин режимін және санитарлық-эпидемологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапқа тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстанда карантин режимін бұзған азаматтарға 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл салынады. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бизнес қауымдастық пен азаматтардың назарын мынаған аударғым келеді: карантин режимін және санитарлық-эпидемологиялық талаптарды бұзғаны үшін жеке тұлғалар 30 АЕК ( 83 340  теңге) мөлшерінде әкімшілік жауапқа тартылады", - деді Тоғжанов баспасөз мәслихатында. 

Ал кәсіпкерлік субъектілеріне 230 АЕК (638 940 теңге) және одан жоғары айыппұл салынады. 

Айтуынша, тиісті нормативті құқықтық акті осы аптада қабылданады.

"Он төрт күн аралығында белгіленген шаралардың тиімділігі бойынша мониторинг жүргізіліп, нақты қорытынды шығарылып отырады. Нәтиже бермеген жағдайда, шектеу шаралары бойынша қосымша шешімдер қабылдануы мүмкін", - деді вице-премьер. 

Айта кетсек, Қазақстанда 5 шілдеден бастап жаңа карантиндік шаралар күшіне енеді.

Жаңалықтар
0