Қоғам

Жаңа карантин: басқа қалаға жеке көлікпен баруға бола ма

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуСалон внедорожника
Салон внедорожника - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалалардың ішіндегі қоғамдық көліктің уақыты шектеледі. Бұдан бөлек, 65 жастан асқан адамдарға және үш адамнан артық жүруге шектеу қойылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап енгізілетін шектеу шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, аймақтар арасындағы әуе қатынасы тоқтамайды. Бірақ қосымша бағыттар ашылмайды. Теміржол арқылы жолаушылар тасымалы қысқарады. Қалаарfлық автобус қатынасы да тоқтатылады. 

"Алайда аймақтар арасында жеке көлікпен жүруге болады", - деді Тоғжанов бүгінгі онлайн брифингте.

Қалалардың ішіндегі қоғамдық көліктің уақыты шектеледі. Бұдан бөлек, 65 жастан асқан адамдарға және үш адамнан артық жүруге шектеу қойылады.

"Саябақтар мен скверлерге үш адамнан артық жиналап баруға болмайды. Таза ауада жалғыз адамға жаттығу жасауға рұқсат бар ", - деп атап көрсетті.

Қазақстанда 5 шілдеден жаңа карантин басталады. Ел ішінде әуе және теміржол қатынасы сақталады, бірақ бірқатар шектеу көзделген. Өңірлер арасында қалааралық автобустар уақытша тоқтатылады. 

Бұдан бөлек, қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі. Сауда орталықтары мен базарлар, дәмханалар, қызмет көрсету орындары, басқа да нысандар жабылады. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істейді. 

Шектеу шаралары әзірге екі аптаға енгізіліп отыр, одан кейін карантин ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0