Қоғам

"Ұшақпен белгісіз зат шашады": министр желіде тараған ақпаратқа жауап берді 

© AP Photo / Ross D. FranklinСамолет F-35A Lightning II
Самолет F-35A Lightning II - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Айта кетейік, әлеуметтік желіде белгісіз затты шашып жүрген тікұшақ пен ұшақтың видеосы тарап кетті. Осыған байланысты халық арасында саналуан пікір айтылуда

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ұшақпен белгісіз затты шашуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл ақпарат жалған. Құрметті отандастар, сіздерді жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. Барлық шынайы ақпаратты денсаулық министрлігінің ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшалардан ала аласыздар. Біздің тарапымыздан ешқандай себу жұмыстары жүргізілген жоқ", - деді Цой бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде белгісіз затты шашып жүрген тікұшақ пен ұшақтың видеосы тарап кетті. Фотолар да аз емес. Осыған байланысты халық арасында саналуан пікір айтылуда.

Кеше, 1 шілде күні ауаға вирус себеді деген жалған ақпаратты таратқан Түркістан облысының тұрғыны анықталған болатын.  Әйел өзіне хабарлама мессенджердегі басқа топтардан келгенін айтты. Ол ақпараттың жалған екенін білмегенін және бұдан кейін мұндай жалған мәлімет таратпайтынын жеткізді.

Айта кету керек, Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған.

Жаңалықтар
0