Қоғам

Дәрі-дәрмекті қымбатқа сатқандар жазаланады 

© Sputnik / Тимур БатыршинОчередь перед центральной аптекой в Алматы
Очередь перед центральной аптекой в Алматы  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр вирусқа қарсы терапия аурудың орташа ауыр және ауыр түрінде ғана қажет болатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Дәрі-дәрмекті шекті бағасынан қымбатқа сататын дәріханалардың лицензиясы тоқтатылуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Дәрі-дәрмекті шекті бағасынан қымбатқа сатқаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал екінші рет заңды бұзғандардың лицензиясы тоқтатылады", - деді Цой баспасөз мәслихатында. 

Бұдан бөлек, ол дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқаны үшін де жауапкершілік барын атап өтті. 

"Қазақстанда лицензиясыз, интернет арқылы дәрі сату фактілері анықталды. Мұндай жағдайларға заңмен тыйым салынуы керек", - деді министр. 

Цой 2 маусымдағы жағдай бойынша өңірлік ауруханалар 28 мың пациент үшін вирусқа қарсы препараттармен қамтамасыз етілгенін айтты. Сонымен қатар, тағы 28 мың науқас үшін қосымша дәрілік препараттар сатып алу процедурасы жүріп жатыр. Дәрі-дәрмек 15 шілдеге дейін жеткізілуі тиіс. Соның арқасында дәрілермен қамтамасыз етілетін пациенттер саны 58 864 адамға жетеді. 

Министр вирусқа қарсы терапия аурудың орташа ауыр және ауыр түрінде ғана қажет екенін атап өтті. 

Тағы оқыңыз: "Хабар беруді өтінеміз": вице-премьер  қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанда 5 шілдеден жаңа карантин басталады. Ел ішінде әуе және теміржол қатынасы сақталады, бірақ бірқатар шектеу көзделген. Өңірлер арасында қалааралық автобустар уақытша тоқтатылады. 

Бұдан бөлек, қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектеледі. Сауда орталықтары мен базарлар, дәмханалар, қызмет көрсету орындары, басқа да нысандар жабылады. Қызметкерлердің басым бөлігі қашықтан жұмыс істейді. 

Шектеу шаралары әзірге екі аптаға енгізіліп отыр, одан кейін карантин ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

 

Жаңалықтар
0