НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Сайлаушылардың 78,03 проценті Ресей Конституциясына өзгертулер енгізуді қолдап, ал 21,16% қарсы дауыс берді, деп хабарлайды РИА Новости орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша хаттамалардың 99,01%-тен астамы өңделген.
Дауыс беруге келгендер шамамен 65%-ті құрады.
Қазақстанда Ресейдің Нұр-Сұлтандағы елшілігінде және Алматы, Орал және Өскемендегі, сондай-ақ Байқоңырдағы консулдықтарында сайлау учаскелері жұмыс істеді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлау учаскесінде дауыс беру санитарлық нормаларға сай өтті. Ал азаматтар қашықтықты сақтауы үшін кабиналар бір-бірінен алшақ орнатылды.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда ресейліктер Конституцияға түзетулер енгізу бойынша қалай дауыс беруде - фото
Айта кетейік, 1 шілде Ресей Конституциясына өзгертулер енгізу туралы бүкілресейлік дауыс берудің негізгі және соңғы күні болды. Бұл Ресей тарихында алғаш рет бір аптаға жалғасқан шара болды. Дауыс беру 25 маусымда басталды.