НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Танымал қазақстандық тележүргізуші, дизайнер Динара Сәтжанның нағашы апасы коронавирустан қайтыс болды.
Қаралы хабар жайлы Сәтжан Instagram-дағы парақшасында жазды.
Айтуынша, нағашы апасы коронавирустан көз жұмған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Бұл қауіпті ауру қазір Жаңаарқада өршіп тұр. Ол жаққа маусымның басында барған едім. Апам өзін жақсы сезініп жүрді. Егер де осы вирус болмағанда, ол кісі әлі кем дегенде 10-15 жыл өмір сүретін еді", - деп жазды тележүргізуші.
37 жастағы Динара Сәтжан Қарағанды облысының Жаңаарқа кентінде туған.
Соңғы деректерге сүйенсек, қазір Қарағанды облысында індетке шалдыққандар саны бес мыңға жақындап қалды. Қазақстан бойынша 42 474 адамда коронавирус диагнозы расталды.