Қоғам

Нұр-Сұлтаннан қатынайтын кейбір пойыз қозғалысы уақытша тоқтатылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПассажирский поезд
Пассажирский поезд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ел астанасынан үш бағытқа жүретін пойыз қозғалысын 1-3 шілде аралығында уақытша тоқтату жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда "Тальго" вагондарынан жасақталған Нұр-Сұлтан қаласынан үш бағытқа қатынайтын пойыз уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі ұсынған дерекке сүйенсек, 2020 жылғы 1-3 шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласынан Атырау мен Орал және Алматы бағытына қатынайтын пойыз кестесіне өзгеріс енгізу жоспарланған.

Атап айтқанда:

  • 1 шілдеде Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан және 2-шілдеде Атыраудан шығатын №19/20 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Атырау" бағытындағы пойыз; 2020 жылдың 2-шілдесінде Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан, ал 2020 жылдың 3-шілдесінде Оралдан аттанатын;
  • № 95/96 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Орал" пойызы;
  • 2020 жылғы 1-шілдеден бастап Алматы-2 станциясынан, ал 2-шілде күні Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол вокзалынан жөнелтілетін  №701/702 "Алматы-2-Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" пойызы. 

Аталған пойыздарға билет ресімдеген жолаушылар темір жол билеттерін кері өткізіп, ақшалай қаражатты ұстап қалусыз толық көлемде қайтарып ала алады немесе басқа баламалы пойыздарға билеттер сатып алуына болады.

Оқи отырыңыз: Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?

Сондай-ақ, жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі, бос орын бар-жоғы немесе жол жүру құны туралы ақпаратты 105 нөмірлі анықтама қызметіне қоңырау шалып білуге болады (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін, ал ұялы телефоннан минутына 112 теңге).

Жаңалықтар
0