Әлем

Дәрігерлер үлгермеді: екі науқас Бішкек ауруханасының ауласында көз жұмды – видео

© AFP 2024 / MARTIN BERNETTIСотрудники больницы везут больного коронавирусом в отделение
Сотрудники больницы везут больного коронавирусом в отделение  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Медицина қызметкерлері далада реанимациялық іс-шаралар жүргізгенімен, науқастарды құтқара алмады

АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Бішкекте ұлттық госпиталь алдында екі науқас қайтыс болды. Емделуге жеткізілген науқастарға медицина қызметкерлері көмек көрсетіп үлгермеді.

Ұлттық госпитальда пневмония диагнозы бар адамдарға арнайы төсек-орын ашылған.

"29 маусымда болған қайғылы оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланып, мессенджерде тарап кетті", - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан

Видеода толығымен қорғаныс киімін киіп алған медицина қызметкерінің автокөлік ішіндегі адамға көмек көрсетіп жатқаны түсірілген. Ал кейіннен госпиталь дәрігерлері жүрекке жасанды массаж жасағанымен науқастың қайтыс болғаны хабарланды.

Сондай-ақ, тағы бір науқастың аурухана есігінің алдында құлаған сәті видеоға түсіп қалды.

"Медицина қызметкерлері далада реанимациялық іс-шаралар жүргізді. Алайда науқастарды құтқара алмады. Біздің мәліметіміз бойынша, олар екі бөлек көлікпен жеткізілген", - деді дәрігерлер.

Дәрігерлер оқиға орнына полицейлерді шақырған. Ал марқұмдардың денесі арнайы жедел жәрдем көлігімен Бішкектегі мәйітханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз: Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев ауруханаға түсті

Айта кетейік, Қырғызстанда наурыздан бастап 54 адам пневмониядан көз жұмды. Маусымның ортасынан бастап қайтыс болғандар саны артып отыр.

Жаңалықтар
0