Болашақ мамандығын игерудің оңай жолы

© Photo : WordSkillsПрофессия будущего
Профессия будущего - Sputnik Қазақстан
Жазылу
WorldSkills Russia ұйымы Future Skills Camp деп аталатын күндізгі-қашықтан оқытудың жаңа форматын іске қосады, оған бүкіл әлемнің, оның ішінде Қазақстанның жас кәсіпқой мамандары қатыса алады

Бүгінгі таңда әлем индустриясы нағыз кадрлық революцияны бастан кешіп жатыр. Тұтас салаларды цифрландыру жоғары технологиялық өндіріс пен өзгермелі экономика үшін жаңа білікті мамандарды көптеп қажет етуде. Сонымен қатар, уақыт талабына сай келмейтін жұмыс орындарының бір бөлігі қысқарып жатыр, ал босатылған қызметкер қазіргі жұмыс берушілердің талабын қанағаттандыру үшін біліктілігін көтеруге мәжбүр болып отыр. Еңбек нарығына енді ғана түсіп жатқан жас мамандардың алдында да дәл осындай міндет тұр.  

Коронавирус індетінің жағымсыз салдары цифрлық технологияны енгізу жылдамдығын арттыруға оң ықпал етті деуге болады. Тұтас кәсіпорындар мен салалар лезде қайта құрылып, жұмыстың бір бөлігін қашықтықтан істеу режиміне ауыстырды. Бұрын бірнеше айды, тіпті жылдарды қажет етуі мүмкін болған процестер бірнеше аптаның ішінде жолға қойылып, реттелді. Кеңестер мен құжат айналымы ғана емес, оқшаулану жағдайында айтарлықтай қажет екені байқалған кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша кейбір бағдарламалар мен курстар да цифрландырылды.  

© Photo : WorldSkills RussiaWorldSkills Russia өткізетін Future Skills Camp жаттығу сериясы өз кәсіби шеберлігіңді жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа форматтардың біріне айналып үлгерді
Болашақ мамандығын игерудің оңай жолы - Sputnik Қазақстан
WorldSkills Russia өткізетін Future Skills Camp жаттығу сериясы өз кәсіби шеберлігіңді жетілдіруге мүмкіндік беретін жаңа форматтардың біріне айналып үлгерді

WorldSkills Russia өткізетін Future Skills Camp бірлескен күндізгі-қашықтықтан жаттығу сериясы өз кәсіби шеберлігіңді жетілдіруге мүмкіндік беретін осындай жаңа форматтардың біріне айналып үлгерді. Маусым айының соңында арнайы платформада заманға сай цифрлық экономикаға қажетті ең перспективалы мамандықтарға машықтану курсы, немесе, басқаша айтқанда, Future Skills бағдарламасы басталды.    

Future Skills бағдарламасы WorldSkills Russia ұйымының стратегиялық бастамасы болып саналады. Ол алғаш рет WorldSkills Kazan 2019 кәсіби шеберліктен 45-ші әлем чемпионатында таныстырылып, кәсіби қоғамдастықтың назарын бірден аударды, келешегі бар мамандықтардың мүлдем басқа тізімін  ұсынғандықтан болар, HR-менеджментті дамыту саласында ерекше бір серпіліс болды. Қазан қаласында жалпы алғанда Future Skills бағдарламасының 25 жаңа біліктілігі таныстырылды.

Жаңа өнімнің пайда болуы жұртқа қатты әсер еткені соншалық, 2021 жылы Шанхайда өтетін келесі WorldSkills әлем чемпионатында WorldSkills Russia әзірлеген 5 жаңа біліктілік бірден жарыстың негізгі бағдарламасына енеді. Олардың қатарына "Реверсивті инжиниринг", "BIM ақпараттық модельдеу технологиялары", "Өнеркәсіп дизайны", "Мобильді қосымшаларды әзірлеу" және "Өнеркәсіп робототехникасы" бар. Бұл әлемдегі перспективалы біліктіліктерді ілгері жылжытатын зор серпіліс.   

Осы жазда Future Skills Camp бағдарламасындағы бағыттар саны да таңғалдырмай қоймайды. Машықтану бағдарламасы 19 біліктілікті қамтиды, олар: "Аддитивті технологиялар"; "Ғарыш жүйелері инженериясы"; "Заттар интернетi"; "Интернет-маркетинг"; "Кванттық технологиялар"; "Өндірістегі топтық жұмыс" (Maker); "Ақпараттық қауіпсіздікті ішкі қатерлерден корпоративтік қорғау"; "Машинамен оқыту және үлкен деректер"; "Бизнеске арналған бағдарламалық шешімдер"; "Өнеркәсіптік робототехника"; "Өнеркәсіптік дизайн"; "Мобильді қосымшаларды әзірлеу"; "Роботтандырылған дәнекерлеу"; "BIM ақпараттық модельдеу технологиялары"; "Тіршілік кезеңін басқару"; "Цифрлық өндіріс"; "Ұшқышсыз авиация жүйелерін пайдалану"; "Қызмет көрсету роботтарын пайдалану".

© Photo : WorldSkills Russia Future Skills Camp әдістемелік және тәжірибелік блоктардан тұрады
Болашақ мамандығын игерудің оңай жолы - Sputnik Қазақстан
Future Skills Camp әдістемелік және тәжірибелік блоктардан тұрады

Платформада біліктіліктердің бірі бойынша тіркелген әлемдегі әр түрлі елдің қатысушылары бірнеше модульдік курстан өтеді. Future Skills Camp әдістемелік және тәжірибелік блоктардан тұрады. Әдістемелік блок аясында WorldSkills халықаралық стандарттарының сипаттамасын зерделейтін біліктіліктерге негізделген оқыту, конкурстық құжаттама әзірлеу технологиялары мен дайын жобаларды бағалау әдістемесін оқыту көзделген.

Модульдің әдістемелік бөлігі аяқталғаннан кейін машықтануға қатысушылар конкурстық тапсырмалар топтамасынан тұратын тәжірибелік бөлімді игеруге кіріседі. Қатысушылар қай елде тұратынына қарамастан тапсырманы  бір уақытта алады. Дегенмен оны орындауды қатысушы елдердің уақыт белдеуіне сәйкес бастауға рұқсат берілген.

Әр модульдің тапсырмасы орындалғаннан кейін сарапшылар оларға күндізгі-қашықтық  форматында баға қойып шығады. Қазірдің өзінде Ресей, Бразилия, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы, Тунис, Португалия, сондай-ақ келешегі бар кәсіптерді игеру мен дамытуға мүдделі болып отырған басқа елдердің конкурсқа қатысушылары мен сарапшылары машықтануға қатысуға дайын екендерін білдірді. Future Skills Camp бағдарламасына Қазақстанның жас мамандары да қатыса алады.

Машықтану соңында барлық қатысушыға Future Skills Camp-ты аяқтағаны туралы сертификат тапсырылады. Тестік жобаны аяқтағандардың барлығына skills-паспорт, WorldSkills Russia әзірлеген кәсіби біліктілік деңгейін растайтын құжат беріледі.  

© Photo : WorldSkills RussiaWorldSkills Russia жоспарлап отырғандай, болашақта Future Skills біліктіліктерін сонымен қатар оқыту жүйелеріне және ұлттық кәсіби шеберлік чемпионаттарына біріктіруге болады
Болашақ мамандығын игерудің оңай жолы - Sputnik Қазақстан
WorldSkills Russia жоспарлап отырғандай, болашақта Future Skills біліктіліктерін сонымен қатар оқыту жүйелеріне және ұлттық кәсіби шеберлік чемпионаттарына біріктіруге болады

Әзірге бұл мұндай ауқымдағы алғашқы сайыс, дегенмен WorldSkills Russia мамандары оның үлкен сұранысқа ие болатынына сенімді және келесі кезеңде форматқа әлемнің әр түрлі елінен тағы да көптеген қатысушы қосылады деп санайды. Атап айтқанда, қазірдің өзінде BRICS Future Skills Challenge дайындау жұмыстары жүріп жатыр, оған "бестікке" кіретін елдердің командалары қатысады, ол осы жылы күндізгі-қашықтық форматында өтеді. Future Skills құзыреттері сонымен қатар 2020 жылдың күзінде өтетін WorldSkills Russia Ұлттық чемпионатының VIII финалының ажырамас бөлігі болады.

WorldSkills Russia жоспарлап отырғандай, болашақта Future Skills біліктіліктерін сонымен қатар оқыту жүйелеріне және ұлттық кәсіби шеберлік чемпионаттарына біріктіруге болады, WorldSkills Russia әлемде белсенді түрде дамытып келе жатқан басқа форматтар да осылай жасалған болатын. Worldskills қозғалысы ертеректе пайда болып, Ресей оған 10 жылдан аз уақыт бұрын қосылғанына қарамастан, ол жаңа мамандықтар мен тәуелсіз бағалау жөнінде зерттеу, жобалау және сайыстар өткізу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу тұрғысынан алғанда WorldSkills-тің маңызды әрі креативті драйвері бола білді.  

"Жас кәсіпқой мамандар (WorldSkills Russia)" одағы бас директорының халықаралық қызметтер жөніндегі орынбасары, Ресейдің WorldSkills International-дегі техникалық делегаты Алина Досканованың айтуынша, технологияның шапшаң өзгеруі, жасанды интеллектің қарыштап дамуы, жаппай цифрландыру және салдарынан жұмыс процестерінің күрделенуі конвергентті дағдылардың пайда болуына, сонымен қатар мультисекторлық және салааралық ынтымақтастықты кеңейтуге жағдай жасап жатыр. WorldSkills Russia ұлттық кадрлар дайындау жүйесін әлемдік деңгейге көтеруге қабілетті құралдарды әзірлеуде, ол кез келген экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыра алатын кәсіби дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

© Photo : WorldSkills RussiaКелесі жылы Digital Skills 2021 Қазақстан чемпионаты "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енетін болды
Болашақ мамандығын игерудің оңай жолы - Sputnik Қазақстан
Келесі жылы Digital Skills 2021 Қазақстан чемпионаты "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енетін болды

Осындай құралдардың қатарына қысқа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және серіктес елдерде білім беру зертханаларын құру, сонымен қатар WorldSkills Russia ұлттық чемпионаттар өткізу үшін қандай да бір елдер үшін жинайтын сайыс біліктіліктерін дайындау жұмыстары жатады. Мұндай өнімдер мен бастамалар серіктес елдерде үлкен қызығушылық тудыруда. 

Мысалы, Worldskills Russia қазақстандық кәсіпқой мамандармен ынтымақтастық аясында классикалық біліктіліктер бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің оқу сессияларын өткізді.

Өткен жылы WorlSkills Kazan 2019 әлем чемпионатында қазақстандық жас кәсіпқой мамандар бірден Future Skills-тің екі біліктілігі – "Машинамен оқыту және үлкен деректер" және "Мобильді қосымшаларды әзірлеу" бойынша жарыстарға қатысты.

Нәтижесінде келесі жылы Digital Skills 2021 Қазақстан чемпионаты "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасына енетін болды. Оған кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының студенттері қатысады деп жоспарланып отыр, ал WorldSkills Russia чемпионатты өткізу кезінде әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстарына көмектеседі.

Енді, әлемде танымал болып келе жатқан тағы бір формат – Future Skills Camp бағдарламасының арқасында қазақстандықтар келешегі бар ондаған біліктілікті игере алады.    

Future Skills Camp Росатом, Ростех, Роскосмос, 1С, FANUC, InfoWatch, Autodesk, Siemens, COEX, hakta, Ресей Кванттық Орталығының қолдауымен өтеді.

Future Skills Camp жайлы толығырақhttps://fscamp.worldskills.ru/

Жоба серіктесі

Жаңалықтар
0