Оқиға

Алматыдағы ірі сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды - полиция ақпарат берді

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматинцы в масках стоят в очереди у аптеки
Алматинцы в масках стоят в очереди у аптеки  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеода АДК маңында жиналған адамдарды көруге болады. Сондай-ақ, жедел жәрдем жәрдем және полиция көлігі тұр

АЛМАТЫ, 1 шілде — Sputnik. Алматыда АДК сауда ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды. Ғимаратта бомба орнатылғаны туралы ақпарат түскен. 

Эвакуация туралы kris_p_Almaty Instagram-паблигі хабарлады. Видеода АДК маңында жиналған адамдарды көруге болады. Сондай-ақ, жедел жәрдем жәрдем және полиция көлігі тұр.

Алматы қаласы полиция департаментінің өкілдері Sputnik Қазақстан тілшісіне ғимаратта бомба қойылды деген ақпарат түскенін айтты. Тексеру жүргізу үшін адамдар эвакуацияланған. Сағат 17:30-да тексеру жұмысы аяқталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

"Жарылғыш зат табылған жоқ. Жалған ақпарат болып шықты. Енді орталық штаттық режимде жұмыс істейді. Адамдар мен келушілер ғимаратқа қайта оралды", - деді полиция өкілі.
Қазіргі уақытта полиция жалған хабар берген адамды іздеуге кірісті. Қылмыстық кодекстің 273-бабына сәйкес, дайындалып жатқан терроризмге байланысты жалған ақпарат берген адамға 5 мың айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2651 теңге) көлеміндегі айыппұл салынады. Сондай-ақ, 5 жылға дейін бас бостандығы шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0