Қоғам

Алматыда белгілі журналист қайтыс болды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСвеча и гвоздики в руках, архивное фото
Свеча и гвоздики в руках, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вадим Махин "Казахстанская правда" республикалық газетінде 20 жыл қызмет еткен, алматылық кеңсесін басқарды

АЛМАТЫ, 1 шілде — Sputnik. Алматыда 78 жасында журналист Вадим Махин қайтыс болды. Суыт хабарды "Казахстанская правда" газетінің фототілшісі Юрий Беккер хабарлады.

"Вадим Валентинович Махин көз жұмды", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Журналистің бұрынғы әріптестері Sputnik Қазақстанға марқұм орталық клиникалық ауруханада жыл сайынғы тексерістен өткенін айтты. Оның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.

Вадим Махин туралы не білеміз

Вадим Махин 1941 жылы 8 қыркүйекте қазіргі Семей қаласында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

1959-1964 жылдар аралығында  Алматыдағы Қазақ мемелекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. 

1966-1975 жылдар аралығында Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары саласында жұмыс істеді.

1995 жылы "Казахстанская правда" газетіне қызметке орналасты. Махин бұл редакцияда  20 жыл жұмыс істеді.

Жаңалықтар
0