Қоғам

96 жасында тұрмыс құрды: Алматыда ерекше жұп некесін қидырды

© Photo : CC0 / Sabine van ErpЗабота
Забота - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отбасы болуға шешім қабылдаған жұптың неке қию рәсімі хаттамаға сәйкес өтті. Тіпті, олар бір-біріне неке сақинасын да тақты

АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Алматыда егде жастағы ерекше жұп некесін қидырды. Қалыңдық 96 жаста, ал күйеу жігіт 85-ке келген. Екеуінің махаббат оқиғасы отыз бес жылға созылған, деп хабарлады Хабар 24.

Отбасы болуға шешім қабылдаған екеуінің неке қию рәсімі хаттамаға сәйкес, әдеттегі тәртіп бойынша өтті. Тіпті, олар бір-біріне неке сақинасын да тақты. Карантинге байланысты неке қию рәсімі салтанат залында емес, АХАЖ бөлімінің терезесі арқылы өтті.

Екеуінің махаббат дастаны 1985 жылы басталған. Бір жерде жұмыс істеп, дос болып араласып жүрген. Қалыңдық Елена Ивановна опера театрында ұзақ жылғы қызметтен кейін зейнетке шыққан. Содан үйінде бос отырғысы келмей, әрі қарай еңбек етемін деп шешеді.

"Жас техниктер станциясында жұмыс істей бастадым. Сол жерде Андрей Михайловичпен таныстық. 35 жыл дос болдық", - дейді қалыңдық Ивановна.

Станцияда Андрей Михайлович жас жігіттерге шеге қағуды, ұшақ жасап, ғарыш кемелерін құрастыруды үйреткен. Макет жасауды үйретумен қатар ол жас жігіттерді білім мен өнертапқыштыққа баулыған. Мұның бәрі Елена Ивановнаның көңілінен шыққан, себебі ол да шығармашылық адамы. Опера театрында хорда ұзақ уақыт ән салған, алайда ария орындамаған.

Оқи отырыңыз: Неке жүзігін тағуға шариғат рұқсат ете ме?

Енді өзіңнің жеке арияң болады, деп әзілдейді күйеу жігіт қалыңдыққа.

 

Жаңалықтар
0