Аңдатпа

Қазақстанда 1 шілдеде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинВечерний Алматы
Вечерний Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 1-6 шілде аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

1 шілдеге жоспарланған шаралар

11.00 - COVID-19 диагностикасымен қамтуды кеңейту мен дәрі-дәрмек жеткізуге арналған сарапшылық брифинг өтеді. Спикер: денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова. Трансляцияға сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).

12.00 – "Қаржы министрлігі нарықтан аудиторларды алады" тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Жиында аудиторлық қызмет мәселесіне байланысты кейбір заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу туралы заң жобасы талқыланады. Тікелей трансляция Қазақстанның баспасөз клубының Facebook парақшасында болады. 8 701 749 02 00 нөміріне хабарласып,  https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub/ мекенжайы арқылы қосылуға болады. 

12.00 - Қастеев атындағы музейде Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Николай Худов көрмесінің онлайн-таныстырылымы өтеді. Көрме суретшінің 170 жылдығына арналған  (Трансляция - музейдің Facebook-тегі парақшасында жасалады).

12.00 - Қазақстан халқы ассамблеясы мен ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған "Ұлы Даланың ұлтаралық тілі" онлайн конференция өтеді (Трансляция - ZOOM платформасында және  Facebook-те болады (https://us02web.zoom.us/j/84229486862, https://www.facebook.com/assemblykaz/)

17.00 – "Тікелей эфир" айдары. Тікелей эфирде Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының қызметкері Нейля Терехина болады (Трансляция театрдың Instagram парақшасында - @gorkytheatre_ns)

Қазақстанда тұратын Ресей азаматтары 1 шілде күні көрші елдің конституциясына енгізілетін өзгерістерге қатысты дауыс бере алады. Нұр-Сұлтан қаласында дауыс беру таңғы сегізден кешкі сегізге дейін болады. Елшілік мекенжайы: Кенесары көшесі, 39, Телефон: 8 (7172) 32-05-15.

6 шілдеге жоспарланған шаралар

18.00 – Астана күніне орай "Абай" операсы көрсетіледі. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев орындайды. Трансляция театрдың Youtube-каналында болады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0