Видео

Путин ресейліктерге үндеу жасады - видео

Жазылу
Көрші ел азаматтары Конституцияға өзгерту енгізу бойынша дауыс береді. Ресей президенті ұсынылған толықтырулар тұрғындар қолдаған жағдайда ғана күшіне енетінін айтты

"Дауыс беру бірнеше күн бойы жүріп жатқанын білесіздер. Бұл қадам адамдардың денсаулығын сақтау үшін жасалып отыр. Таңдау жасағандарға алғыс білдіремін. Ертең, 1 шілде  - дауыс берудің негізгі күні", - деді Путин.

Қазақстанда тұратын Ресей азаматтары 1 шілде күні көрші елдің конституциясына енгізілетін өзгерістерге қатысты дауыс бере алады. Нұр-Сұлтан қаласында дауыс беру таңғы сегізден кешкі сегізге дейін болады. Елшілік мекенжайы: Кенесары көшесі, 39, Телефон: 8 (7172) 32-05-15.

Сайлау комиссиясының жұмысы туралы ақпаратты Ресейдің Алматы, Орал және Өскенмен қалаларындағы консулдығы мен бас консулдығының сайтынан немесе хабарласып білуге болады.

Жаңалықтар
0