Қоғам

Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді

© Photo : Акимат Нур-СултанаМурал с Абаем в Нур-Султане
Мурал с Абаем в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Министрдің айтуынша, жыл соңына дейін түсіріліп бітетін деректі фильмге көп адам тартудың қажеті жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абай туралы деректі фильмнің қалай түсіріліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, фильм түсіріліп жатыр. Ол сараптамалық комиссия мен ведомствоаралық комиссиядан өтті. Бәрі сәтті болды. Қазір олар жұмыстарын бастап жатыр. Аманшылық болса, жылдың соңына дейін аяқталып қалады", - деді Райымқұлова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Министр пандемия кезінде фильмді түсіру мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, деректі фильмге көп адам тартудың қажеті жоқ.

"Деректі фильм болғасын көптеген нәрселер деректі құжаттардан тұрады. Сондай-ақ қорда бар бейнежазбаларды пайдаланады. Енді бұл бір сәтте жасалатын нәрсе емес. Көптен бері дайындалып жүрген үлкен әрі жақсы жобалардың бірі", - деп атап көрсетті Райымқұлова.

Айта кетейік, деректі фильм Абайдың қара сөздері негізінде түсіріліп жатыр. Бұған дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына үш деректі фильм және бір қысқаметражды кино жасалады деген жоспар болған. Бірақ жоспар өзгерді.

Оқи отырыңыз: Абай мерейтойына арналған шаралар қай кезде басталады

Сондай-ақ бастапқы кезде барлық мерекелік шараларға бюджеттен 3,2 миллиард теңге (7,2 миллион доллар) бөлінген. Пандемияға байланысты ол да 2,36 миллиард теңгеге (5,3 миллион доллар) дейін қысқарды.

Жаңалықтар
0