Өңірлер

Байқоңырда Ресейдің Конституциясына өзгертулерге қалай дауыс беріп жатыр

© Photo : отдел по СМИ городской администрации БайконыраГлава городской администрации Константин Бусыгин на избирательном участке в Байконыре
Глава городской администрации Константин Бусыгин на избирательном участке в Байконыре - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байкоңырда санитарлық нормаларды сақтай отыра, дауыс беру үшін жеті учаскенің жұмысы ұйымдастырылған

ҚЫЗЫЛОРДА, 30 маусым — Sputnik. Байқоңыр тұрғындарының 20%-і - Ресей азаматтары. Көрші елде Конституцияға өзгерту енгізу бойынша дауыс беру жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Байқоңыр қаласы Ресейге жалға берілген.

Қазіргі уақытта Байқоңырда коронавирус инфекциясының кең таралуына байланысты қатаң карантин енгізілген.

"Дауыс беру учаскелерінде санитарлық-дезинфекциялық режим қатаң сақталып отыр. Ғимаратқа келмей дауыс беру үшін өзіңіздің сайлау комиссияңызға жүгіну керек", - деді қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Виктор Новиков.

Сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Байқоңырда 4 795 адам дауыс берді (29 маусымда ақпарат). Бұл -  Ресей азаматтығы бар тұрғындардың 36,7%-і. Дауыс берудің соңғы күні - 1 шілде (жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін).

Жаңалықтар
0