НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі Алматы қаласынан елордаға көшті. Ғимараты Мәңгілік ел даңғылында орналасқан.
"Президенттің жарлығына сәйкес Ұлттық банкті көшіру 1 шілдеге дейін жүзеге асырылды. Ұлттық банктің жаңа заңды мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 57А", - делінген ұлттық банктің хабарламасында.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Алматыда Әйтеке би, 67 мекенжайы бойынша Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылған.
Оның басшысы болып Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева тағайындалды.
Тағы оқыңыз: Вирустың екінші толқыны: сарапшылар экономика мен теңгенің тағдыры не болатынын айтты
Өкілдік Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз өзара іс-қимылды жалғастырады.
2019 жылы 11 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті қайта құру туралы жарлыққа қол қойды. Банктен жаңа дербес құрылым - қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бөлініп шықты. Агенттікті Мәдина Әбілқасымова басқарады.
Қайта құрылғаннан кейін Ұлттық банк ақша-кредит саясатына баса назар аударды. Банк төрағасы – Ерболат Досаев.