Экономика

Мемлекет басшысы азық-түлік бағасына қатысты тапсырма берді 

© Sputnik / Абзал КалиевПосетители закупаются продуктами перед "карантинными выходными" в торговой сети
Посетители закупаются продуктами перед карантинными выходными в торговой сети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент пандемия кезінде азық-түліктің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету керектігін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды қайта қарап шығуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бүгінгі отырысында президент әкімдер мен министрлерге бюджеттерді қайта қарап, конференциялар, дөңгелек үстелдер, салтанатты шаралардан, сондай-ақ,  консалтингтік және PR қызметтерден бас тартуға тапсырма берді.

"Ол қаржының бәрі эпидемияға қарсы нақты күрес шараларына жұмсалуы шарт", - деді Тоқаев.  

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы пандемия кезінде азық-түліктің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды. Халықты жұмыспен қамту мен цифрлық технологияларды дамыту жұмысы да назардан тыс қалмауы қажет.

"Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар кезең-кезеңімен және толыққанды орындалуы шарт. Осы сұрақтар әрбір әкімнің жіті бақылауында болуы қажет", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Отырыста мемлекет басшысы мемлекеттік комиссияға екі күн ішінде наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеп енгізуді тапсырды. Сонымен қатар, ол зертханалық зерттеулердің тиімділігін көтеруді, ПТР зертханалардың саны мен уақытын арттырып, реагенттер мен шығыс материалдарын үздіксіз жеткізу мәселесін шешуді тапсырды. 

Жаңалықтар
0