НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Абай ТВ" және "Әл-Фараби" деп аталатын екі мемлекеттік арна ашылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, "Абай ТВ" телеарнасы "Qazaqstan" ТРК-сына кіреді және 30 маусымда ресми түрде жұмыс істей бастайды.
"Жаңа арна бай мәдени мұрамызға арналатын болады. Ал екінші тележоба – "Әл-Фараби" арнасы "Хабар" агенттігінің жанынан жаңа оқу жылына қарай ашылады", – деді Балаева бүгін онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.
Оның сөзіне қарағанда, "Әл-Фараби" арнасының негізгі мақсаты – білім беру мен ағарту. Ал аудиториясы 6-18 жастағы балалар мен жасөспірімдер болады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда мұғалімдер мен оқушыларға бөлек телеарна ашу ұсынылды
"Пандемия кезінде осындай арнаның қажеттілігі барынша сезілді", – деп атап көрсетті Балаева.