Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
29 маусымға жоспарланған шаралар
09.00 – Astana Finance Days үшінші жыл сайынғы қаржы конференциясы. Биыл конференция онлайн форматта өтеді, негізгі тақырып – "Өзгеріп жатқан әлемдегі нарықтар". Жаһандық экономика, қаржы технологиялары, капитал нарығы, ислам қаржысы, адам капиталын дамыту бағыттары бойынша мәселелерді талқылау жоспарланып отыр (Аккредитация www.astanafindays.org сайтында).
11.00 – Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның халық алдында есеп беру кездесуі. Кездесу онлайн режимінде өтеді, сұрақтарды министрдің "Ашық диалог" порталындағы блогына; министрліктің сайтына (сұрақ-жауап бөлімі); +7 777 893 69 21 WhatsApp нөміріне жіберуге болады. Бұл іс-шараның трансляциясы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, "ҚазАқпарат" ХАА интернет-ресурстарында жасалады.
11:00 – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Айдар Арифхановпен "тікелей эфир". Спикер холдинг қызметінің қорытындылары, компанияның ел экономикасына үлесі туралы баяндап, сұрақтарға жауап береді. Бейнетрансляцияны қордың Facebook, Instagram әлеуметтік желілері мен YouTube видеохостингіндегі парақшаларынан көруге болады. Сауалдарды мына поштаға жолдай аласыздар: Iconference@Baiterek.Gov.Kz
6 шілдеге жоспарланған шаралар
18.00 – Астана күніне орай "Абай" операсы көрсетіледі. Басты партияны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Астана Опера" театрының жетекші солисі Талғат Мұсабаев орындайды. Трансляция театрдың Youtube-каналында болады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.