НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Ақорда Қазақстан президенті атынан сыйлық пен награда алған журналистердің есімін жариялады.
Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы БАҚ-тың рөлі маңызды екені аталып өткен.
Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:
- Қуатов Дәурен Қасенұлына – "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторына, мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;
- Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына – "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасына, қазақтілді бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
- Сарыбай Серік Әбікенұлына – "Жетісу" телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
- Трухачев Александр Владимировичке – "Хабар" телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторына, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.
Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:
- Әшім Альбинаға – QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының тілшісіне, қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;
- Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына – "Хабар" телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін жариялап-көрсеткен ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;
- Нұрышева Маржан Еркімбекқызына – Semei телеарнасының редактор-тележүргізушісіне, Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге қосқан үлесі үшін;
- Смайлов Жандос Мейірбекұлына – "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің шығарушы редакторына, интернет-кеңістікте ақпаратты жариялап-көрсетуді ілгерілетуге қосқан үлесі үшін тапсырылады.
Сондай-ақ, президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы"Ана тілі" газеті, "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі, "Казахстанская правда" республикалық газеті және QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымына берілді.
Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтаған болатын.
Поздравляю работников средств массовой информации с профессиональным праздником! Ваша деятельность в условиях глобальной нестабильности, в частности, борьбы против пандемии, приобретает особое значение.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) June 27, 2020
Айта кетсек, өткен жылдың маусым айында Тоқаев БАҚ-тың жеке кәсіби мерекесін бекітуді тапсырған болатын. Енді 28 маусым күні байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің мерекесі емес, жеке БАҚ өкілдерінің мерекесі ретінде аталып өтеді.