Қоғам

Денсаулық министрлігі желіде тарап кеткен ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Тимур БатыршинПалаты для лечения больных коронавирусом
Палаты для лечения больных коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілерде жаңа денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханалардың бас дәрігерлеріне қатысты айтқан сөзі қызу талқыланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі ведомство басшысы Алексей Цой ауруханалардың бас дәрігерлері мен басқарма жетекшілеріне қоқан-лоқы көрсетті деген ақпаратты жоққа шығарды.

Ақпарат, әсіресе, WhatsApp мессенджерінде тарап кетті. Жазбада денсаулық министрі әлеуметтік желілерде дәрі-дәрмек тапшылығы сынды сала проблемаларына байланысты ақпарат таратқан дәрігерлерді жұмыстан қуатынын айтты делінген.

"Денсаулық министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Құрметті азаматтар, әлеуметтік желілердегі жалған жазбаларға емес, тек ресми ақпаратқа сенуды сұраймыз", - деді министрлікте.

Сондай-ақ, ведомствода жалған ақпарат тарату үшін Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

25 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отставкаға кеткен болатын. Премьер-министр ведомствоның жаңа басшысы Алексей Цойды таныстырды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары қызметіне Марат Шоранов тағайындалды.  Ал вице-министр Лязат Ақтаеваның орнына үкімет қаулысымен Ажар Гиният тағайындалды.

Кеше, 26 маусым күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа денсаулық министріне коронавируспен күресудің қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды.

Жаңалықтар
0