Қоғам

Елорда әкімдігі қоғамдық көліктің тоқтатылу себебін хабарлады

© Sputnik / Ксения ВоронинаСтолица Казахстана снова опустела из-за ужесточения карантина
Столица Казахстана снова опустела из-за ужесточения карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда саябақтар мен гүлзарлар жабылып, тек үй жанындағы дүкендер мен дәріханалар ғана ашық болады

АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан астанасында демалыс күндері карантин шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратына сүйенсек, профилактика шараларын өткізу үшін демалыс күндері (27-28 маусым) қоғамдық көлік жүрмейді.

"Автобустарға мұқият дезинфекция жүргізіледі. Қоғамдық көлік қалыпты режимге 29 маусымда оралады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар саябақ, гүлзар, жағалау мен жағажай және басқа да адам көп жиналатын орындар жабылады.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері де елордада осындай карантинді күшейту шаралары енгізілді.

Оқи отырыңыз: Карантин кезінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға кімдер кіре алады

27-28 маусым аралығында қалада тек үй маңындағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана ашық болады. Қала тұрғындарына аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға кеңес беріледі.

Жаңалықтар
0