Қоғам

Мәйіт бұзыла бастады: Алматыда марқұмдарды жерлеуге қатысты мәселе туындады

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка плачет, архивное фото
Девушка плачет, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирусқа сынаманың теріс көрсеткіші болмаса, өлген адамдардың мүрдесін жерлеу қызметін ұйымдастыратын агенттіктер қабылдамайды

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Алматы қаласының ондаған тұрғыны қайтыс болған туыстарын жерлей алмай отыр. Жерлеу қызметін ұйымдастыру агенттіктері мен мәйітханалар қайтыс болғандарды COVID-19 вирусының теріс көрсеткіші болса ғана қабылдайды. Ал мұндай анықтама алу үшін бірнеше күн қажет, деп хабарлайды Евразия Бірінші арнасы.

80 жастағы әжесінен айрылған алматылық Екатерина Холиченко эпидемиологтар коронавирусқа тест алғанымен, әлі нәтижесі шықпады дейді. Ал COVID-19 вирусына қатысты анықтамасыз мәйітханалар мүрдені қабылдамайды.

Тағы бір қала тұрғынының туысы үш күн бұрын қайтыс болған.

"Мәйітті үш күннен бері үйде сақтап отырмыз. Бұзыла бастады. Ешқандай көмек жоқ, не істеу керектігін де білмей қалдық", - дейді Мұрат Құсайынов.

Құсайынов мәйітханаға барғанымен, қаулы болмаған соң қабылдамаған. Ал сынама да тапсыра алмаған. Өйткені, зертхана Жібек Жолында орналасқан және ол жақ карантинге жабылған.

Коронавирусқа сынаманың теріс көрсеткіші болмаса, өлген адамдардың мүрдесін жерлеу қызметін ұйымдастыратын агенттіктер де қабылдамайды. Кейбір отбасылар мәйітті бальзамдау арқылы басқа қалаға апарып жерлегісі келгенімен, оны да іске асыра алмай отыр.

Мәселенің ушыққанынан хабардар болған қаладағы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін және сапасын бақылау бөлімі жағдайды түсіндірді. Яғни, Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жарлыққа қол қойды. Ол жерде ауруханадан тыс жерде қайтыс болған алматылықтардың денесі коронавирусқа тексерілмейтіні туралы баяндалған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індет салдарынан қайтыс болғандарды жерлеу ережесі әзірленіп жатыр

Осыдан кейін ғана марқұмдардың туыстары барлық ережеге сай жерлеуге мүмкіндік алды.

Жаңалықтар
0