Саясат

Сенат сайлауы: үміткерлердің саны көбейіп келеді

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлауалды үгіт-насихат тіркеуден кейін басталып, 11 тамызда түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Екі аптаның ішінде сенат сайлауына қатысуға 88 үміткер өтініш білдірді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев мәлімеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"25 маусымдағы жағдай бойынша 88 адам ұсынылды. Орташа алғанда бір депутаттық орынға 5 адам үміткер болып отыр" - деді Имашев ОСК-ның бүгінгі отырысында.

Сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 маусымда басталған болатын. Осы науқан жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де сайлауға бір ай қалғанда, яғни, 2020 жылы 12 шілде күні аяқталады.
Сенат сайлауы 12 тамызда өтеді. Сол кезде 17 аймақтан бір депутат жоғары палатаға сайланады. 

Барлық құжатты алғаннан кейін сенат депутаттығына кандидаттарды тіркеу басталады. Ал 23 шілде күні сағат 18:00-де аяқталады.

Сайлауалды үгіт-насихат тіркеуден кейін басталып, 11 тамызда түнгі сағат 00:00-де аяқталады.
Орталық сайлау комиссиясы жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды.

Жаңалықтар
0