Қоғам

Мемлекет басшысы тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты заңға қол қойды

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуПокупатель в супермаркете
Покупатель в супермаркете - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бизнес жоспарлы тексерістерден босатылғанына қарамастан, тауар мен қызмет сапасын қоғамдық ұйым өкілдері қадағалайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым — Sputnik. Мемлекет басшысы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Құжатта қоғамдық ұйым өкілдері тауар және қызмет сапасын қалай қадағалай алатыны жазылған:

  • тауар (жұмыс, қызмет) сататын жерге бару;
  • тауардың (жұмыс, қызмет) сынамалық сатып алу жасау;
  • тауар (жұмыс, қызмет) сататын жерде Қазақстан заңнамасы аясында фото-, аудио-, видео түсілім жасау.

Қоғамдық бақылаудың қорытындысы тұтынушылар құқығын қорғаудың бірыңғай ақпарат жүйесінде көрсетіледі.

Ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

Жаңалықтар
0