Саясат

"Ол кезде мені қолдамады": Тоқаев 12 жыл бұрынғы болжамы дәл келгенін айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысының айтуынша, қазір коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу ісі де халықаралық ынтымақтастықтан тыс, "әркім өзі үшін" қағидаты бойынша жүзеге асырылуда

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қатынастарда ұлтшылдыққа бет бұру үрдісі артып келе жатқанын айтты. Мемлекет басшысы бұлай болатынын 2008 жылы болжаған.

"Шынында да, әлем өзгерді. Мызғымастай көрінген жаһандану үрдісі пандемияның әсерінен кідірістеп қалды. Мемлекеттер өзін-өзі оқшаулауға, "әркім өз күнін өзі көрсін" қағидатына баса мән бере бастады. Халықаралық қатынастарда ұлтшылдыққа бет бұру үрдісі артып келе жатқаны байқалады. Мен мұны 2008 жылы ертерек болжап айттым. Бірақ ол кезде менің тұжырымымды саясаткерлер мен ғалымдар қолдамады", - деді Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында.

Айтуынша, қазір тіпті коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу ісі де халықаралық ынтымақтастықтан тыс, "әркім өзі үшін" қағидаты бойынша жүзеге асып жатыр.

Президент БҰҰ өз атына заты сай бірегей халықаралық ұйым ретінде пандемия кезінде аса белсенділік таныта қоймағанын атап өтті.  Ірі державалар арасында текетірес күшейіп келеді. Аймақтардағы қақтығыстар шиеленісе түсті.

"Бұл – өңірлік мемлекет ретіндегі Қазақстан үшін қолайсыз үрдіс", - деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: "Таңданыспен қарайды": Тоқаев қазақ тілінің мүшкіл хәлі туралы айта бермеуге шақырды

Тоқаев ел экономикасы санкциялық соғыстар мен саяси текетірестерден шығынға ұшырап жатқанын мәлімдеді.

Жаңалықтар
0