Саясат

Ресеймен стратегиялық серіктестік дұрыс таңдау болды – Тоқаев

© SputnikҚазақстан мен Ресей тулары
Қазақстан мен Ресей тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент алпауыт мемлекеттердің геосаяси мақсаты өзгеріп жатқанын, бұл жағдайда Қазақстан бірінші кезекте өзінің ұлттық мүддесін қорғауға міндетті екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресеймен стратегиялық серіктестікті нығайту дұрыс таңдау болғанын мәлімдеді.

"Қазақстанның халықаралық дипломатияда бейбіт әлем туралы әрдайым өзіндік түсінігі, өзіне тән ерекшелігі болды. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев көпвекторлы, теңгерімді сыртқы саясатта Ресеймен стратегиялық серіктестікті, ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік интеграцияға баса мән берді. Бұл – дұрыс таңдау болды", - деді президент "Ана тілі" газетіне берген сұқбатында.

Десе де, мемлекет басшысы алпауыт мемлекеттердің геосаяси мақсаты өзгеріп жатқанын атап өтті. Осындай жағдайда Қазақстан бірінші кезекте өзінің ұлттық мүддесін қорғауға міндетті.

"Сондықтан мен Еуразиялық экономикалық одақтың биылғы 19 мамырда өткен саммитінде интеграцияны Қазақстанның егемендігіне нұқсан келмейтін жағдайда ғана қолдайтынымызды ашық айттым", - деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: "Ол кезде мені қолдамады": Тоқаев 12 жыл бұрынғы болжамы дәл келгенін айтты

Сондай-ақ, Тоқаев тәуелсіздік жылдары Қазақстан шекарасын нығайту үшін  көп жұмыс атқарылғанын еске салды.

"Ең бастысы – мемлекеттік шекарамыздың беріктігі! Қазақстанның Ресеймен, Қытаймен және Орталық Азия мемлекеттерімен арадағы шекарасының заңды түрде рәсімделіп, белгіленуінің, шын мәнінде, тарихи да, саяси да мәні зор. Шекара мәселесінде құжатты түрде екіжақты келісімнің болмауы қандай ауыр әрі ауқымды зардаптар мен қайшылықтарға әкелетінін көзіміз көріп отыр", - деді ол.

Айтуынша, бұған алыстан да, жақыннан да мысалдар аз емес.

Жаңалықтар
0