Қоғам

Қазақстанның екі облысында ҰБТ өтпей қалды

© Sputnik / Абзал КалиевЕНТ-2020
ЕНТ-2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дидарбекованың айтуынша, талапкерлер 27 маусым мен 2 шілде күні білім грантын тағайындау конкурсына қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Ұлттық бірыңғай тестілеудің төртінші күні Түркістан облысындағы Шәуілдір мен Жетісай қаласының, Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз қаласы мен Ақсуат ауылының түлектері үшін емтихан кейінге қалдырылды.

"Ұялы байланыс сигналын өшіретін қондырғылардың істен шығып, бейнебайланыстағы техникалық ақауға орай, Түркістан облысындағы Шәуілдір мен Жетісай қаласының және Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласы мен Ақсуат ауылының түлектері үшін емтихан кейінге қалдырылды", - делінген білім министрлігінің хабарламасында.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекова аталған елді мекендердегі талапкерлер 27 маусым мен 2 шілдеде білім грантын тағайындау конкурсына қатыса алатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстанда ұлттық біріңғай тест 20 маусымда басталды. Елдегі эпидемиялық жағдайға байланысты биыл мемлекеттік емтихандар алынып, талапкерлерге тест тапсыру кезінде калькулятор қолдануға рұқсат етілді және тестілеу уақыты 10 минутқа ұзартылды.

Оқи отырыңыз: ҰБТ нәтижесі жойылған талапкерлерге қатысты жағымды жаңалық жарияланды

Емтиханның төртінші күнінде 136 адам ереже бұзғаны анықталды. 9 түлектің температурасы көтерілгендіктен, олар басқа күні тест тапсырады.

Жаңалықтар
0