Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жедел жәрдемнің Telegram-боты іске қосылды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи в Нур-Султане
Автомобиль скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл ботқа астаналықтар мазалаған сырқат симптомын жаза алады. Бұдан соң медициналық қызметкерлер хабарласады

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым — Sputnik. Жедел жәрдем қызметінің қоңырау шалған тұрғындардың бәріне бару мүмкіндігі болмағандықтан, арнайы Telegram бот іске қосылды. Ол диспетчерлерлдің жұмысын біршама азайтуға арналған. 

Боттың мекенжайы - @ns103bot.

Оның көмегімен жедел жәрдем қызметіне өтінішті тұрғындардың өздері жібере алады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова. 

Өтініш бойынша боттың барлық сауалына жауап беріп, жеке сәйкестендіру нөмірі мен мекенжайды толтыру керек. Өтініш диспетчерге түскен соң, ол денсаулық министрлігінің тиісті бұйрығына сәйкес, тұрғынға қаншалықты жылдам жету керек екенін шешеді. 

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда медициналық көмек қалай көрсетіледі – дәрігер жағдайды түсіндірді

Өтініштің санаты анықталған соң ол шақырулар кезегіне қойылады.

Жаңалықтар
0