Оқиға

Алматылық әйел 15-қабаттан секіріп кетті - полиция ақпарат берді

© Sputnik / Владислав ВодневМногоэтажный дом
Многоэтажный дом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол оқиға орнында қайтыс болды. Әйелдің жеке басы анықталды, әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған

АЛМАТЫ, 24 маусым – Sputnik. Алматыда жас әйел 15 қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қайғылы оқиға 24 маусымда түстен кейін Алматы қаласы Бостандық ауданындағы Гагарин көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің аумағында болды. Әйел 15-қабат подъезінің балконынан секіріп кеткен", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйелдің жеке басы анықталды, әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Ол оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, 21 маусым күні астанада "Инфинити" тұрғын үй кешенінің сегізінші қабатынан ер адам мен әйел секіріп кеткен болатын. Куәгер түсірген видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от САМЫЕ СВЕЖИЕ НОВОСТИ АСТАНЫ 🇰🇿 (@astana_press)

 

Жаңалықтар
0