Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтіледі

© AFP 2024 / ALFREDO ESTRELLAКоммуналдық қызмет жұмысшысы көшеде дезинфекциялық жұмыс жүргізіп жатыр
Коммуналдық қызмет жұмысшысы көшеде дезинфекциялық жұмыс жүргізіп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа, барлық нысан жабылады, қоғамдық көлік жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты демалыс күндері карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Төсек-орын қорының 71%-і бос болмауына және 7 күн ішінде ауырғандардың репродуктивті санының мәні орта есеппен R>1.3 болуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының аумағында демалыс күндері 2020 жылдың 27 маусымы 00.00-ден 2020 жылдың 29 маусымы 00.00-ге дейін шектеу шаралары уақытша күшейтілсін", - делінген бас санитар дәрігердің қаулысында.

Тұрғындардан үйде отыруды өтінді

Билік облыс тұрғындарын көршілер, туысқандар мен әріптестердің үйіне қонаққа бармауға шақырды. Отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынды.

Облыс бойынша, сондай-ақ, елді мекендер арасында жаяу және жеке автокөлікпен жүру шектеледі.

Тек мына жағдайларда ғана сыртқа шығуға рұқсат:

  • үйден жұмысқа бару және қайтып келу;
  • үйге және жұмысқа жақын дүкеннен азық-түлік, дәріханадан дәрі-дәрмек сатып алу;
  • шұғыл жағдаймен ауруханаға бару;
  • үй жануарларын үй маңында серуендету.

Демалыста қандай нысандар жабылады

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері бірқатар нысанның жұмысы уақытша тоқтайды:

  • сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (супермаркеттер мен гипермаркеттер);
  • бизнес-орталықтар;
  • автокөлік, киім-кешек, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар базарлары;
  • қоғамдық көлік;
  • сұлулық салондары, шаштараз, тырнақ бояу студиялары, барбер-шоп, солярий, массаж орталықтары және қызметтер саласының осыған ұқсас нысандары;
  • қоғамдық моншалар, монша кешендері, сауналар;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтары (жеке және заңды тұлғалармен жұмыс);
  • қоғамдық тамақтану орындары (тамақты үйге жеткізу қызметі тоқтамайды);
  • туризм объектілері мен қызмет көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және тағы басқа);
  • жағажайлар;
  • білім беру орталықтары, үйірмелер;
  • ғибадат ету орындары;
  • спорт нысандары, мәдени нысандар.

Сондай-ақ, демалыста тұрғын үйлердің кіреберістері, балалар және спорт алаңдары дезинфекцияланады.

Барлық кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары өндірістік және тұрмыстық орын-жайларда дезинфекциямен қатар толық тазалау жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Қаулы 27 маусымда сағат 00.00-де күшіне енеді.

Жаңалықтар
0