Видео

Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс парады өтті - видео

Жазылу
Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтті. Қызыл алаңда не болғанын тікелей трансляциядан көре аласыздар

Салтанатты шараға Ресей президентінің шақыруымен Қазақстанның мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастап барған делегация қатысты.

Сонымен қатар, Қазақстан қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары да Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған болатын. Оларды Құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары, генерал-майор Дәулет Оспанов бастап барды.

Ресей президенті Владимир Путин әскери парадты қабылдап, шет ел басшыларымен бірге Белгісіз солдаттың қабіріне гүл шоқтарын қойды. Одан кейін Кремльдің Үлкен сарайында Ресей президентінің атынан салтанатты қабылдау ұйымдастырылды.

Парадқа 13 елдің әскерилері қатысты. Олар - зербайжан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан мен Түрікменстан.

Айта кетейік, Жеңіс парады коронавирус эпидемиясына байланысты 9 мамырдан 24 маусымға ауыстырылған еді. 

Жаңалықтар
0