АЛМАТЫ, 23 маусым — Sputnik. Ақмола облысында Көкшетау және Степногорск қалалары қатаң карантинге жабылады. Өңірдің бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның 2020 жылдың 23 маусымында қол қойған қаулысы жарияланды.
24 маусымнан бастап тыйым салынады
- спорттық шараларды, форумдар, көрмелер, конференция, семинарлар, симпозиумдар, сондай-ақ, отбасылық жиындар өткізуге;
- ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театр, көрме және өзге де адамдар көп шоғырланатын нысандардың жұмысына;
- пациенттерді стационарға жоспарлы жатқызу, скрининг және профилактикалық қарауға тыйым салынады.
Бұдан бөлек, 65 жастан асқан тұрғындарға көшеге шығуға шектеу қойылады. Саябақта серуендеу, туыстарға қонаққа барып, отбасылық отырыстар өткізуге рұқсат жоқ.
Өңір тұрғындары міндетті түрде бетперде тағып, жөтелу, түшкіру, температура болғанда бірден 103 нөміріне хабарласу керек екені хабарланып отыр.
Блок бекет орнатылады
Екі қалаға кіреберісте блок бекеттер орнатылады. Қалада сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін көліктердің жүруіне тыйым салынады.
Қаулы 24 маусым күні сағат 00:00-де күшіне енеді.
Ақмола облысындағы жағдай
Облыста барлығы 589 адам коронавирус жұқтырған. Өсім - 13,2%.