Өңірлер

Полицейлер жауап алғаннан кейін ақтаулық бүйрегінен айырылды – тергеу басталды

© Photo : Lada.kzЕрасыл Карачулаков после удаления почки
Ерасыл Карачулаков после удаления почки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерасыл Қарашолақовтың бүйрегін алып тастады. Ол өзін полиция қызметкерлері ұрғанын айтып отыр. Полиция департаменті бастапқыда қызметкерлерінің кінәсін түбегейлі жоққа шығарды, ал енді оларға қатысты тергеу басталды

АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Мұнайлы аудандық полиция бөліміне мал ұрлығына күдікті Ерасыл Қарашолақов 2019 жылдың желтоқсанында жеткізілген. Ол өзін аудандық полиция бөлімшесінде қинағанын, содан кейін бүйрегінен айырылғанын айтты.

Ерасыл Қарашолақовтың оқиғасы өткен жылдың аяғында бүйрегін алдыру үшін операция жасалғаннан кейін Маңғыстау облысының әкіміне видеоүндеу жариялаған кезде белгілі болды, деп хабарлайды Lada.kz.

2019 жылдың 31 желтоқсанында да облыс әкіміне видеоүндеу жолдады, алайда біраз уақыт өткен соң сол Youtube аккаунт жойылды.

Ол 10 қаңтарда Астана телеарнасына сұхбат берді.

"Соққыға жықты, бүйрегімнен ұрды, артынан тұра алмай қалдым...Иә, жаздым, қорықтым, өлгім келмеді, бәрін жаздым, аяққа тұра алмай қалдым, дәлізде жаттым, бейнекамераларда бар", - деп түсіндірді ол өзінің не себепті қылмысты мойындағаны жайлы.

Полиция департаменті айыптауларды жоққа шығарды. Ведомствоның айтуынша, күдіктіге күш қолданылмаған, ал жарақатты  басқа жағдайда алған – ұрланған мал иесінің танысы ұрған. Олар мұның барлығын полиция учаскесіндегі бейнежазба арқылы дәлелдей алатындарын алға тартты.

Ал Ерасылдың адвокаты Қаршыға Көшкінов мұнымен келіспейді. Ол қорғалушысын ұстауға қатысқан патрульдердің кеуде тұсында тұратын камерасындағы бейнежазбаны, сондай-ақ аудандық  полиция бөлімінің ішінде орнатылған камералардағы видеоны тапқан.

Ерасыл Қарашолақовтың айтуынша, видеода полицейлер тарапынан көптеген бұзушылық көрсетілген.

"Видеода Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасарының маған бірін "іліп қоятынын" айтқан жері бар. Ол сондай-ақ, менің бұл жерден тірі шықпайтынымды айтты. Бұл жазба сараптамадан өтті. Сонымен қатар дәрігерлер бүйрекке қатты соққы тиген деген қорытынды шығарды. Ал полиция болса, менің қойларды қуып, сол кезде қатты жүргендіктен бір мүшемнен айырылып қалғанымды айтты", - деп түсіндірді Ерасыл.

Видеода Қарашолақовтың бір кабинеттен сау шығып, екінші кабинетке кіргені түсірілген. Алайда екінші кабинеттен бүйрек тұсын ұстаған күйі шыққаны түсіп қалған.

"Аудандық ішкі істер бөлімінен кейін оны дереу уақытша қамау изоляторына жіберген. Ол жақтан ауруханаға алып кеткен. Демек, ол жарақатты полиция бөлімінде алған. Сот малды ұрлау ісі бойынша тергеуді тезірек аяқтап, жарыссөзге көшуді қалап отыр. Алайда прокуратура ұрып-соғу фактісіне баға бермеді. Алдымен мұндай азаптау бойынша тергеу жүргізу керек, содан кейін ұрлық жасаған-жасамағанын анықтау керек", - деді адвокат қаршыға Көшкінов.

Тергеу кезіндегі бұзушылықтар туралы Ерасылдың анасы Гүлнар Трапбекова да айтып берді. Айтуынша, полицейлер одан бес жарым миллион теңге көлемінде пара сұраған.

"Тергеуші менен ақша сұрады, шопандармен өзі келісетінін айтты, бірақ біздің отбасыда ондай ақша жоқ. Жақында менің анам, Ерасылдың әжесі қайтыс болды. Прокуратураның әрекетсіз отырғанына көңілім толмайды, олар полиция әрекетіне ештеңе айтпай отыр. Неге олар әлі күнге дейін жұмыс істеп жүр?", - дейді анасы.

Полицейлерге қатысты тергеу басталды

Маңғыстау облысының полиция департаменті видео пайда болғаннан кейін шара қолдана бастады.
"Қазір Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қызметінен шеттетілді", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Тергеу басталды. Істі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жүргізеді.

 

Жаңалықтар
0