Қоғам

Коронавирус белгілері байқалмайтын науқастар не істеуі қажет – Надыров жауап берді

© REUTERS / TOM BRENNERСвободные пробирки для забора анализов на коронавирус
Свободные пробирки для забора анализов на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Компьютерлік томография мен коронавирусқа ПТР тест тапсыру емхана жолдамасы болған жағдайда тегін жүргізіледі

АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров ауру белгілері жоқ науқастарға не істеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Надыровтың айтуынша, ауру белгілері жоқ науқастар мен ауру жеңіл өтіп жатқан тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық қызмет, оның ішінде учаскелік дәрігер "жолсерік" болады.

"Диагностикаға қатысты барлық сұрақ, оның ішінде ПТР тест тапсыру немесе компьютерлік томография жасату учаскелік дәрігермен бірлесіп шешілуі тиіс. Науқас өз емханасына телефон арқылы немесе байланыс орталығына хабарласуы қажет", - деп түсіндірді Надыров.

Басқарма басшысының айтуынша, компьютерлік томография мен коронавирусқа ПТР тест тапсыру емхана жолдамасы болған жағдайда тегін жүргізіледі.

"Қызмет көрсетуді куәландырған жағдайда науқасқа аталған қызметтер тегін көрсетіледі. Өкпенің компьютерлік томографиясы – бұл өте маңызды диагностикалық зерттеу. Оның белгілі бір сәулелік салмағы бар. Сондықтан нақты көрсеткіштерді анықтап алу және компьютерлік томографияға қарсы көрсеткіштерді анықтау өте маңызды. Бұл мәселенің барлығы учаскелік дәрігермен бірге шешілуі тиіс", - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда компьютерлік томография жүргізуге болатын 12 жер бар. Бұл қызметті көрсететін мекемелер коронавирус инфекциясы расталған науқастарды қабылдау және ауру белгілері ұқсас науқастарды қабылдау үшін бөлек уақыт бөліп отыр.

Сондай-ақ, қала тұрғындары 3000-103  нөмірі арқылы байланыс орталығына және 8 777 8888 103 Whatsapp нөміріне хабарласа алады.

Жаңалықтар
0