Экономика

Карантиннен зардап шеккен кәсіпкерлер банкке өтініш бере алады

© Sputnik / Владислав ВодневВице-министр экологии Ахметжан Примкулов
Вице-министр экологии Ахметжан Примкулов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
16 маусым мен 15 қыркүйек аралығында кәсіпкерлер банкке немесе микроқаржы ұйымына қосыша қолдау шараларын көрсету туралы өтініш жасай алады

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Шағын және орта бизнес субъектілері банкке қосымша қолдау шараларын көрсету туралы өтінішпен жүгіне алады. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2020 жылдың 16 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында шағын және орта бизнес субъектілері банкке немесе микроқаржы ұйымына қосыша қолдау шараларын көрсету туралы өтініш жасауға құқылы", - деді Әбілқасымова үкімет отырысында.

Айтуынша, кредиттік ұйым әр кәсіпкердің қаржылық жағдайын, төтенше жағдай мен карантиннің бизнеске әсерін жеке-жеке қарайды.

Әбілқасымова ШОБ субъектілерінің қаржылық жағдайы нашарлаған кезде, кредиттік ұйымдар қолдау көрсетудің екі бағытын ұсынатынын атап өтті.

Біріншісі –  уақытша қаржылық қиындыққа тап болған қарыз алушылардың кредит бойынша төлемдерін кейінге қалдыру.

"Бұл шара бизнестің борыш жүктемесінің айтарлықтай өсуіне әкеп соқпайды", - деп сендірді ол.

Екіншісі – мемлекеттік бағдарламалар аясында кредитті жеңілдікпен қайта қаржыландыру. Бұл мүмкіндікті барлық ШОБ субъектілері, оның ішінде төлем мерзімі шегерілген кәсіпкерлер де пайдаланады.

Ол төтенше жағдай кезінде агенттік қаржылық қиындыққа тап болған халық пен бизнеске қолдау көрсету үшін бірқатар шара қабылдағанын айтты.

Оқи отырыңыз: Мамин пандемия кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетілетінін айтты

16 наурыз бен 15 маусым аралығында жеке тұлғалар мен ШОБ субъектілерінің кредит бойынша төлемі кейінге қалдырылды. Бұл кезеңде 1 миллион 890 мыңнан астам адамның немесе барлық қарыз алушы жеке тұлғаның 34 процентінің төлемдері кейінге шегерілген.

Әбілқасымованың айтуынша, бұл төлемдердің сомасы 268 миллиард теңгені құрады.

Жаңалықтар
0