Саясат

Дональд Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады

© REUTERS / JOSHUA ROBERTSПрезидент США Дональд Трамп подтвердил, что лидер террористической группировки "Исламское государство" Абу Бакр аль-Багдади убит в Сирии в ходе спецоперации
Президент США Дональд Трамп подтвердил, что лидер террористической группировки Исламское государство Абу Бакр аль-Багдади убит в Сирии в ходе спецоперации - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ президенті Қазақстанда қолға алынған реформаларды қолдайтынын айтып, екі ел арасындағы стратегиялық байланысты одан әрі дамыта беруге ниетті екенін жеткізді

АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті лауазымына кіріскеніне бір жыл толуына орай құттықтап, жеделхат жолдады.

"Америка халқының атынан алдағы уақытта Қазақстандағы бейбітшілікті, өсіп-өркендеу мен қауіпсіздікті одан әрі нығайту жолындағы еңбегіңізге толағай табыс тілеймін. Сонымен қатар COVID-19 індетінің таралуына қарсы қабылдаған жедел шараларыңызға оң баға бергім келеді. Пандемияны тоқтату және COVID-19 індетінен кейінгі кезеңде экономиканы қалпына келтіруде біздің бірлескен күш-жігеріміз маңызды болып қала бермек", – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар АҚШ президенті Қазақстанда қолға алынған реформаларды қолдайтынын айтып, екі ел арасындағы стратегиялық байланысты одан әрі дамыта беруге ниетті екенін жеткізді.

"Сіздің саяси жаңаруға бағытталған реформалық, өршіл бағдарламаңыз ерекше мақтауға лайық. Халықтың үкіметке деген сенімін арттыру, гүлденген және серпінді қоғамның негізгі іргетасы саналатын бостандықты қорғауды күшейту бойынша алға қойған мақсаттарыңызды Америка Құрама Штаттары қолдайды. Біз кеңейтілген стратегиялық әріптестігіміздің аясында осы бастамаларды іске асыруда әрдайым сізбен серіктес болуға дайынбыз", – деді Дональд Трамп.

Сондай-ақ, Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, сәттілік пен игілік тіледі.

Айта кетейік, 12 маусымда Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне кірісті. Кезектен тыс сайлауда оны халықтың 70,96%-і қолдады.

Жаңалықтар
0