Өңірлер

Алматыдағы спорт кешендері инфекциялық госпиталь ретінде қолданылады

© Sputnik / Тимур БатыршинЛедовый дворец "Алматы арена"
Ледовый дворец Алматы арена - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда 1 388 науқас емделіп жатыр, ішінде 20 адамның жағдайы ауыр. Ауыр жағдайда жатқан науқастардың 80%-тен астамы 60 жастан асқан адамдар

АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматыда Almaty Arena және Halyk Arena спорт кешенінде коронавирус жұқтырған науқастарға арналған қосымша төсек-орын ашылады. Бұл жайында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қала бойынша коронавируспен күресу үшін 13 медициналық ұйым жұмылдырылды. Қазір қалада науқастарға арналған 1 940 төсек-орын бар, алайда провизорлық төсек-орынның 90%-і, инфекциялық төсек-орынның 95%-і бос емес. 

"Қосымша инфекциялық төсек-орын ашу үшін "Halyk Arena" спорт кешенінде 500 төсек қоюды қарастырамыз. Сонымен қатар "Теміржол" ауруханасы" АҚ госпиталі базасында 150 орынға арналған жұқпалы аурулар стационарын ашуға болады. Жағдай әрі қарай ушығатын болса, Halyk Arena базасындағы төсек-орын санын 300 орынға көбейту мүмкіндігі бар. Сол сияқты Almaty Arena спорт кешенінде де қосымша орындар ашуға болады", - деді Надыров.

Осылайша, барлығын қосқанда инфекциялық төсек орын санын 3 700-ге, провизорлық орынды 1000-ға дейін жеткізуге болады. Сондай-ақ, жатақахналарда провизорлық және жұқпалы аурулар төсек-орнын ашу мәселесі қарастырылып жатыр.

Алматыда 1 388 науқас емделіп жатыр, ішінде 20 адамның жағдайы ауыр. Ауыр жағдайда жатқан науқастардың 80%-тен астамы 60 жастан асқан адамдар.

"Қала стационарларында 1 388 науқас емделіп жатыр. Ішінде 20 адамның жағдайы өте ауыр, 150 адамның жағдайы ауыр, 1 022 науқастың жағдайы орташа, 194 науқас қанағаттанарлық жағдайда. Науқастар санының өсу себебін талдадық. Ол науқастар арасында қант диабеті, артериялық гипертония, жүрек аурулары сияқты қосымша ауруы бар науқастардың көп болуына байланысты деген қорытындыға келдік", - деді Надыров.

Сонымен қатар қаладағы науқастардың басым бөлігі (35,5%) – 20-29 жастағы жастар. Ал 60 жастан асқан адамдар – 8,80%-ті құрайды.

Алматыда 23 маусымдағы жағдай бойынша, 3 429 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 2 177 адам сауығып шықты, 20 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0