Өңірлер

Коронавирусқа қарсы дәрілердің тізімі - нені білу керек

© Sputnik / Абзал КалиевОчередь у аптеки в офисном здании
Очередь у аптеки в офисном здании  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Камалжан Надыров аурудың алдын алу үшін ішетін дәрілердің тізімі жазылған жалған ақпаратқа сенуге болмайтынын айтты

АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қала дәріханаларында дәрі-дәрмек тапшы деген сынға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Стационарларда көрсетілетін барлық қажетті медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен төленеді. Қазір бізде барлық дәрі-дәрмек бар, олар науқастар үшін тегін және қолжетімді", - деді Надыров.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желіні бақылау кезінде қала тұрғындарының кейбір дәріні таба алмай жатқанынан хабардар екенін айтты.

"Әңгіме вирусқа қарсы дәрі жайлы болып отыр. Тұрғындарға өзін-өзі емдеуге болмайтынын, аурудың алдын алу үшін ішетін дәрілердің тізімі жазылған жалған ақпаратқа сенуге болмайтынын айтқым келеді. Кез келген ем қабылдау кезінде мамандармен, дәрігермен келісу қажет. Олай болмаған жағдайда ішкен дәрінің пайдасы тимейді немесе адам денсаулығына зиян келтіреді", - деп түсіндірді денсаулық сақтау басқарма басшысы.

Сондай-ақ, Надыров алматылықтарды үрейленбеуге, әсері қандай болатынын білмей тұрып дәрі алу үшін дәріханаға жүгірмеуге шақырды.

Брифинг барысында денсаулық сақтау басқармасы басшысы қаладағы жасанды тыныс алу аппаратына тоқталды. Айтуынша, Алматының медицина ұйымдарында 573 жасанды тыныс алу аппараты бар. Сонымен қатар екі ай көлемінде тағы 18 жасанды тыныс алу аппараты мен жедел жәрдем көлігіне арналған 20 портативті жасанды тыныс алу аппараты жеткізіледі деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус жұқтырған науқастар саны 3 429 адамға жетті, 2177 адам сауығып шықты, 20 науқас қайтыс болды. Қазір қала стационарларында 1 388 науқас емделіп жатыр.

 

Жаңалықтар
0