НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге барады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр", - деді Уәли.
Айта кетейік, 26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған болатын. Сол кезде Ресей басшысы Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуға шақырған.
Кейіннен президент Тоқаев твиттердегі парақшасында: "Шақыртуды ризашылықпен қабылдадым", - деп жазды.
Оқи отырыңыз: Мемлекет көмек береді": Тоқаев желіде жазба жариялады
Бұған дейін Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына қатысу үшін Мәскеуге аттанған болатын.