Әлем

Ресейлік вакцина екі жылға дейін коронавирустан қорғайды - Гинцбург

© REUTERS / YVES HERMANСотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины против коронавируса
Сотрудник лаборатории проводит исследования для создания вакцины против коронавируса  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу 18 маусымда басталған, оны салдыруға 18 науқас келісті. Сынақты шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр

АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Мәскеуде Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург қорғаныс министрлігімен бірлесіп жасалған коронавирусқа қарсы вакцина екі жылдан астам уақыт бойы әсер ететінін айтты. Бұл жайында ол "Красная звезда" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Препарат вирустың "корона" ақуызын кодтайтын тұқымды жеткізу үшін аденовирустық контейнер пайдаланады. Оны екі рет енгізеді. Бір ген түрлі тасымалдаушы арқылы салынады – бұл ұзақ уақытқа қорғаныс иммунитетін қалыптастыруға мүмкіндік береді, деп түсіндірді Гинцбург.

Образцы для исследования по разработке вакцины от коронавируса в руках у сотрудника лаборатории  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналуы мүмкін
Оның айтуынша, күшейтілген нұсқадағы вакцинаны алған адам коронавирус инфекциясын кем дегенде екі жыл, тіпті одан да ұзақ уақытқа дейін жұқтырмауы мүмкін.

Гинцбург препараттың мұндай ұзақ уақыт әсері болатыны африкалық Гвинеяда эбола вирусына қарсы вакцинаны әзірлеу кезінде дәлелденгенін алға тартты. Бұл жұмысты Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы Ресейдің қорғаныс министрлігіне қарасты медициналық мекемелермен бірлесіп жүргізген.

Препараттың қажетті мөлшері туралы айта келе, ол Ресей халқын коронавирустан жаппай вакцинациялау үшін жетпіс миллион дозаға дейін шығару керек болатынын атап өтті.

Ел басшылығы мен денсаулық сақтау ұйымдары өндірісті ұлғайту процесін жолға қою бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Сонымен қатар, академик шетелдік медицина ұйымдарының вакцина әзірлеу технологиясымен бөлісуге асықпай отырғанына қынжылды.

Ғылыми-зерттеу орталығы мен қорғаныс министрлігі әзірлеген вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу 18 маусымда Бурденко атындағы емханада басталды. Вакцинаны салдыруға 18 ерікті келісті. Оны шілденің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0