Оқиға

Ер адамнан кейін әйел секірді: желіде Нұр-Сұлтанда болған оқиғаның видеосы тарады

© Sputnik / Владислав ВодневДевочка смотрит в окно
Девочка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан
Жазылу
31 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Ал жүргізілген тексеріс нәтижесінде олардың пәтерінде ешкім болмағаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Жексенбі күні кешке Нұр-Сұлтандағы "Инфинити" тұрғын үй кешенінің сегізінші қабатынан ер адам мен әйел секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ер адам мен әйел көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатындағы терезеден секірген. Әлеуметтік желілерде тараған видеоны куәгерлер түсірген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от САМЫЕ СВЕЖИЕ НОВОСТИ АСТАНЫ 🇰🇿 (@astana_press)

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің хабарлауынша, бұл оқиға туралы қоңырау кезекші бөлімге 18.45-те түскен.

"Қабанбай батыр даңғылының бойындағы тұрғын үйдің сегізінші қабатынан ер адамның құлағаны туралы хабар жеткен бойда төтенше жағдайлар қызметі дереу сол жерге аттанды. Арада 40 минуттай өткенде сол терезеден әйел де секірді. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйелдің бірге тұрғаны анықталды. Оқиға кезінде олардың пәтерінде ешкім болған жоқ", - делінген хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ал Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға екі техника мен жеке құрамның жеті қызметкері жұмылдырылғанын хабарлады.

Олар оқиға орнына жеткенде әйелдің сегізінші қабат терезесінен секіруге оқталып тұрғанын көреді. Құтқарушылар бірден төменге үрленген үлкен жастықшаны орнатқан. Мамандардың айтуынша, автосатыны терезеге жақындатуға аулада тұрған көліктер кедергі келтірген.

Оқи отырыңыз: "Мамамды шақырыңдар": Орал тұрғыны үйлену тойынан кейін бесінші қабаттан секірмек болды

Ал құтқарушылардың әрекетін көрген әйел ауланың келесі жақ бетіне өтіп, төменге секірген. Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің кәсіби тұрғыда жедел әрекет етуінің нәтижесінде әйел аман қалды.

"Оқиға туралы хабар жеткенге дейін жоғарғы қабаттан құлап, көптеген жарақат алған ер адам мен әйелді жедел жәрдем алып кетті. Ер адамның жағдайы ауыр, ал әйел дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада.

22 маусымда көпқабатты үйден секірген ер адамның көз жұмғаны белгілі болды. 

Жаңалықтар
0